«АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу. ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресу жолдары»
Ағымдағы жылдың 02 ақпаны Оңтүстік Қазақстан индустриялды – инновациялық колледжінде АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу. ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресу жолдары тақырбы аясында колледж медбикесі Қалшораева Нағима Әсілбекқызы және колледж педагог – психологы Әріп Ақмарал Асқарқызының ұйымдастыруымен кең форматта бетпе – бет жүздесу болып өтілді.
Іс –шараға Сайрам ауданында орналасқан «Ақсу» медицина орталығының мамандары Нарғынбек Нұрбол Арманұлы жалпы тәжірибелік дәрігер және Туматаева Гулнұр Келесовна медицина орталығының мейірбикесі, білім алушы жастарымызбен тақырыпқа сай ЖИТС тарихымен, оның қоғамда қалай таралатыны жөнінде және оның алдын алу жолдарын түсіндіріп, бірнеше қоғамдық орындарда болған жағдаяттардан мысал келтіріп берді. Колледжіміздің білім алушы жастарының көкейінде жүрген сұрақтарына мамандар талапқа сай жауаптарын беріп, сұрақтардың негізгі мәселелеріне тоқталып өтті.
Медицина қызметкерлері білім алушы жастарымызға салауатты өмір салтын қалыптастырып, болашақта дені сау ұрпақ болып қалыптасуына жөн сілтеп, адам баласының күн тәртібінің жүйелі болуын ұсынды.
Қадірменді жастар ауырып ем іздегенге, ауырмайтын жол іздеңіздер!
Leave A Comment