Ағымдағы жылдың 08-ақпан күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің "Бағдарламамен қамтамасыз ету"' және ''Автомобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану'' мамандықтары. АТҚ 9-22/б және БҚ 9-22/г тобының топ тәлімгерлері Н.Маммедов, Д.Ходжаевалардың ұйымдастыруымен
"САЛАУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН"
тақырыбында оқушылармен кең форматта ақпараттық- танымдық әрі спорттық-эстафеталық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында салаутты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жатсар арасында спортты насихаттау сондай-ақ білім алушы жастарымыздың ойлау қабілеттерімен қатар спорттық білімдерін шыңдау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Топтар арасындағы достыкпен ынтымақтастықты арттыру.
''Салауатты Қазақстан'' жастарымыздың денсаулығымен дұрыс тамақтануы және денешынықтырумен айналысуларына қалыпты жол ашатын маңызы бар жоспарлы тақырып.
Денсаулық-зор байлық. Дені саудың-жаны сау демекші біз деннің саулығына дұрыс көңіл бөліп,оны аялап күтуге міндеттіміз. Дені сау ұрпақ мемлекетіміздің мызғымас болашағы. Ел ертеңі болар жастарымыз дені сау, жасампаз, елін, жерін, Отанын сүйетін, достықтың, спорттың туын биік ұстайтын, көк туымызды көк аспанымызда желбіретер жастар болсын. Іс-шараны ұйымдастырушы ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз. Шәкірттеріңіз ата-ана, ел үмітін ақтар жастар болсын..
Leave A Comment