Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің ұстаздары мен қызметкерлері қыс қырауынан ама-есен шыққандарын және ізгі амал көрісу, жөн сұрасу, өкпе мен назды артқа қалдырып, кешірімшіл болуды насихаттап, көне мерекені жандадырып, көрісу амалын жасады.
Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.
Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн. Есік қағып кірген амал күні яғни көрісу күні құтты болсын баршаңызға.
Ізгі ниетпен Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің ұжымы.
Leave A Comment