Бүгін 14-наурыз көрісу, ізгі амал жасау күні. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту бұдан әрі білім басқармасы ''Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз'' мерекесіне бекітілген жоспарына сай білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі ''Ұлы дала ойындары'' тақырыбы аясында ұлттық ойындарымызды ойнап, мерекенің шырайы мен ұлтымыздың ескіден қалған ойындарының нақышын келтіріп, барша білім алушыларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық ойындарымыз Ұлы даланың өшпес мұрасы, атадан балаға жол тартар керемет рухани азығы мен құнды дүниесі.
Білім ордамыздың жастары тоғыз құмалақ, асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрестіру сынды ойындарымызда белсенділік танытты. Барша білім алушы жастарымызға және дене тәрбиесі оқытушыларына, колледж әкімшілігіне мың алғыс. Мереке баршаңызға құтты болсын. Қыстан аман шығып ағарғанға іліккеніміз және төрт түлікттің көкке ілінгені құт берекелі болғай.
Leave A Comment