Адами әлеуетті дамыту басқармасының 10 күндік жоспарына сай Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі жалғасын таубда.
Бүгін 18 наурыз – Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Сонымен қатар, наурызды тойлау апталығының бұл күні жақсылық жасауға, қайырымдылыққа, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге арналады. Жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар ғимараттар салуға, жөндеуге атсалысады.
Баршаңызға мәлім, ұлыстың ұлы күнінде барша халық жаңару мақсатында үйін, ауласын және қоршаған айналасын қоқыстан жинай отырып, тазалыққа бөлеген. Осы дәстүрді ұстанып, біз де Наурызды таза жерде қарсы алу үшін және Игі істер күніне орай І курс студенттерімен жаппай айналаны тазарту жұмыстарын жүргіздік.
Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Қашан да айналасына жүрек қалауымен көмек көрсетер жандар көп болсын!