2023 жылғы 7 сәуір, "Дүниежүзілік денсаулық күні".
Осыған орай Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі "Спорт-күш, спорт-өмір" атты көктемгі таңғы жаттығу марафонын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт - денсаулықтың кепілі екенін ұғындыру, топтардың ыңтымақтастығын арттыру.
Таңғы жаттығу мемлекеттік әнұран орындаудан бастауын тауып, білім алушы жастарымыз дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәндерінің оқытушыларының жоспарындағы таңғы жаттығуларын ұйымдасқан түрде орындап, білім алушылар бір серігіп қалды. Дүниежүзілік денсаулық күні баршаңызға құтты болып, дендеріңіз сау болсын!