“СӘТ САПАР ЖАС МАМАН-2023”
Білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі жылдағы дәстүрге сай “Сәт сапар жас маман” тақырыбында диплом табыс ету салтанатты іс-шарасын өткізді.
Оқу орнымыз басшысы Нұргүл Жақсылыққызы бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, үздік үлгіде диплом алған білім алушыларға ерекше тоқталып, әрбір білім алушы студенттің ата-анасына алғыс білдіріп, арнайы алғыс хат ұсынып, ата-аналарға ыстық ықыласын білдірді. Түркістан облысында және Республикалық чемпионаттарға қатысып колледжіміз намысын қорғап,жүлделі орындарға ие болған студенттерге ерекше тоқталып, арнайы марапаттады.

Колледжіміз қабырғасынан:
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету;

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану;

Полимерлік өндіріс технологиясы;

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі;

Электрмен қамтамасыз ету; мамандықтарының түлектері бітіріп мемлекеттік үлгідегі дипломға ие болды.
Колледжіміздің “Өзін-өзі басқару парламенті”, “Sanaly urpaq” жемқорлыққа қарсы зертханасының жастары және колледжіміздің белсенді жастары өз өнерлерін көрсетіп түлектерге сәтті сапар тіледі.

Бітіруші түлектерге тілеріміз жолдарыңыз әрдайым ашық болып, бәсекеге қабілетті маман болып, колледжде алған білімдеріңізді ел эканомикасының қарыштап дамуы жолында қызмет етіңіздер. Ақ жол жас маман!. Алар асуларыңызбен шығар биіктеріңіз көп болсын!