17 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ мерекесіне орай "Студенттерді өзін-өзі басқару парламенті", және парламент фракциялары ұйымдастырылған:
«АРАЙЛЫ, АЛТЫН КҮЗ» САЙЫСЫ
Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі студенттер мерекесіне орай “Арайлы, алтын күз” байқауын ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: білім алушыларымыздың өнері мен мәдениетін сондай-ақ білімін, құндылыққа негізделген тәрбиесін, қыздардың тәрбиесі мен ұлдардың ептілігін байқау.
Байқау ережеге сай кезең-кезеңге бөлініп, жоспарға сай өткізілді.Сайысқа қатысушы жұптардың өнері мен білімін бағалауға Сайрам ауданы Ақсу әуендері вокалдық-инструментальді ансамбль жетекшісі Сыдықов Қайрат Түймебекұлы. Сайрам ауданы “Жастар Ресурстық орталығы” КММ директоры Төлегенов Әділхан Маратұлы. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Көпбаева Сағынкүл Лесбекқызы әділ төрелік жасады.
Колледжіміздің мың бұралған “Ақкербез” би тобы өнер көрсетіп, арайлы, алтын күздің шырайын кіргізді.
Сайыстың нәтижесі төмендегідей:
🔹”Көрермен көзайымы” номинациясымен Сонаев Жасур Атқ 9-23/2, тобы және Сайдикаримова Мохина Бқ 9-23/А тобының қатысушылары марапатталды;
🔸”Креативті жұп”номенациясымен Абдимавланов Элёр ЭҚ 9-23/г, тобы және Шайзада Сая НМК 9-23/г тобының қатысушылары марапатталды;
🥉Жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алған жұп Күмісбеков Шухрат Ашм 9-22/г, және Ергешова Диана Нмк 9-22/г марапатталды;
🥈Жүлделі ІІ-орынды жеңіп алған жұп Әбдіманап Дастан-Бқ-9-22/г, және Қанатбекова Томирис-Бқ-9-23/г-Б тобы марапатталды;
🥇Жүлделі І-орынды жеңіп алған жұп Абдурахманов Бақытбек ӘЖ 9-23/г, және Сыпабек Жанерке ӘЖ 9-23/г тобы марапатталды.
Барша іс-шараға қатысушы жұптарға және өнер көрсеткен жастарға алғысымыз шексіз, өнерлерің өрге жүзіп, елдің өркендеуіне үлес қосатын ел патриоты болыңдар.