Кәсіптік бағдар беру- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі.
Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беру мәселесі бірінші кезекте тұр, сондықтан оқу орнымыз қызметкерлері – кәсіби бағдар берушілер, оқытушылар білім беру мекемелерін аралап мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсетіп келуде.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы тандап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
- оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Осы орайда ауданымызда шалғай орналасқан Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ оқушылары колледжімізге экскурция жасап, оқу орны базасымен теориялық сабақтар өтілетін дәрісханалар, лингафон кабинеттері, кітапхана, әр мамандыққа арналған зертханалық кабинеттерімен, спорт зал, жатақханамен танысып, мамандықтар таныстырылды. Оқушыларға практикалық жұмыстар көрсетіліп, мемлекеттік гранттың артықшылықтары, қашықтан оқытудың тиімді тұстары түсіндірілді.