АДАЛ АДАМ. АДАЛ ЕҢБЕК. АДАЛ ТАБЫС.
Бүгін 1 қыркүйек “Білім күні” Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі жаңадан табалдырық аттаған кешегі талапкер, бүгінгі болашақ студенттерімізді қабылдап, “Білім күні” мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Колледжіміздің бас ұстазы, директорымыз Нұргүл Жақсылыққызы барша жас өрен білімгерлерге толағай табыстар тілеп, тәрбие мен білімде ата-ана, ұстаз және білім алушының байланысы болса білім мен тәрбиенің сапасы жақсаратынын ұғындырып, мемлекетіміздің біртұтас тәрбиесінің мазмұны айтылды.
Білім күні біздер үшін ғана емес барша әлем үшін айтулы күн. Себебі кез келген елдің болашағы, тәуелсіздігінің тірегі және өзге елмен терезесінің тең болуы білімді жастармен тікелей байланысты.
Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек, деп Ғабит Мүсірепов айтқандай білімнің орны ерекше!
Құрметті ұстаздар, оқушалыр! Баршаларыңызды білім күнімен құттықтаймыз! Білім алушыларға сәттілік, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!
Колледжіміздің Nur media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.