ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 478 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу алгоритмі» қабылданған. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі төмендегі мамандықтары бойынша тегін білім алу бағдарламаларын жүзеге асырмақ:
07210300
Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі
3W07210302
Кондитер
07161300
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
3W07161301
Автомобиль жөндеу слесары
Эксперименттік білім беру бағдарламасының тиімділігі мен ерекшелігі:
1. Эксперименттік білім беру бағдарламасы ТжКБ ұйымдарының базасында жұмысшы біліктіліктері бойынша жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларын (мектептерде оқуды жалғастыратын 10-сынып білім алушылары үшін) даярлауды және жалпы білім беретін мектептің базасында жалпы білім беретін пәндерді игеруді көздейді.
Құрметті Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғындарының назарына Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі алғашқылардың бірі болып эксперементтік бағдарламасын яғни пилоттық жобаны жүзеге асырмақ. Пилоттық жобаға бөлінген білім грантының орын саны шектеулі, асығыңыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекені, Әитеке би көшесі №3 А ғимараты.
Leave A Comment