СПОРТ-БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі биыл табалдырығымызды аттаған білім алушыларымыз 1 курс студенттері арасында «DOSBOLLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында футболдан кіші турнир өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқу топтары арасында татулық, бірлік, ынтымақты, салауатты өмірсалтын қалыптастыру.
Іс-шараны колледжіміздің әкімшілігі ашып беріп, турнирге қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Футбол турнирінің қортындысы төмендегідей нәтижені көрсетті:
🥉БҚ 9-24 (Б) тобы ІІІ-орынды иемденді;
🥈АТҚ 9-24 (Б) тобы ІІ-орынды иемденді;
🥇БҚ 9-24 (А) тобы І-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар колледж әкімшілігінің алғыс хаты сондай-ақ айналмалы кубоктарымен марапатталды. Барша жеңімпаз топтарды жеңістерімен құттықтаймыз!