Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің жатақханасы “Бірлік, татулық- ынтымақтың нышаны” тақырыбы аясында керемет жиын өткізді.
Колледжіміздің педагогтары Кеңесбек Жандос Шыныбекұлы және Мамметов Навруз Авазханович сондай-ақ колледждің педагог-ұйымдастырушысы, педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, жастар инспекторы білімгерлерге татулық, достық, ынтымақ, бірлік жайлы ақыл-кеңестерін айтып, жатақхана жастарына достықтың нышаны үзілмеу керектігін жеткізіп, қызықты жиын өткізді. Жиынның соңы қазағымның кең дастарханы жайылып, бір үйдің баласындай дәмнен ауыз тиіп, татулықтың, береке мен ынтымақтың шамын жақты.
Достығымыз артып, татулығымыз нығайып, бірлігіміз жарасқан ел болайық. Барша ұстаздарымызға және колледж әкімшілігіне алғысымыз шексіз.
Колледждің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызыметі.