Ағымдағы жылдың 16 қазаны Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі сондай-ақ Сайрам ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, Сайрам ауданы қорғаныс істер бөлімі, Таулы карабах ұрыс қимылдарының ардагерлер мен мүгедектер кеңесінің төрағасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Солтүстік, батыс, шығыс аймақтарында сутасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созған Сайрам ауданының тұрғындары Жайлауов Ернұр Ерболатұлы, Курвантаев Санжар Октамжанович, Суяркулов Туракул Садриддиновичтерді ерекше құрмет көрсетіп, аудан әкімдігі және Қорғаныс министрлігінен марапаттауларын ұсынып, жас батырларымызға ерекше ілтипат көрсетті.
Колледжіміздің жастары құрметті қонақтарға керемет құрмет көрсетіп, ән шырқап билерін де билеп арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынып, жас батырларымызға керемет көңіл-күй сыйлай білді.
Суяркулов Туракул Садриддинович Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Фуркат атындағы жалпы орта мектебі, Курвантаев Санжар Октамжанович Сайрам ауданы, Манкент аулы, Ибрайм ата мектебінің түлектеріне мектепте алған тәрбиелері мен отбасындағы тәртіптеріне барынша алғыстарын білдірді.
Елдің бірнеше өңірінен тұрғындар төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқынына байланысты хабарласа бастады.
Астана қаласы, Маңғыстау, Қызылорда облыстары ТЖД және әскери бөлімдерінен келген күштер мен құралдар Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Су басқан тұрғын үйлерден 94 адам, оның ішінде Ақтөбе облысында 83 адам және Қостанай облысында 11 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарына және жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге орналастырылды.
Іс-шараға қатысқан барша жастарымызға алғысымыз шексіз. Қазақ елінің басына қиын кезеңдер болмастан, береке-бірлігіміз ажырамай, аспанымыз ашық, жұртымыз аман, еліміз тыныш болғай.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.