Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің білім алушы жастары ағымдағы жылдың 17-қазаны “Кәмелетке толмаған жасөспірмен құқық бұзушылықты болдырмауды алдын-алу” тақырыбы аясында профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны Сайрам ауданының Прокуратурасының , жергілікті атқарушы, уәкілетті және құқық қорғау органдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу және оны болдырмау бағытында аудан жастарымен кездесу өткізілді.
Аталмыш кездесуде аудан прокуроры жастарға құқықбұзушылыққа бой алдырмай, болашаққа кері әсерін тигізетін жағдайлардан сақ болу қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында жастар тарапынан түрлі тақырыптардағы көкейде жүрген сұрақтар қойылып, нәтижесінде аудан прокуроры Даулет Тлемисовтың тарапынан алдағы уақытта да жастармен кездесу өткізіліп, осы мазмұндағы шаралардың өз жалғасын табатыны атап айтылды.
Колледжіміздің “Өзін-өзі басқару” парламент президенті Колдабек Нұрбол Сұлтанмұратұлы аудан прокуроры Дәулет Тилемисовқа құқықтық санатта жасөспірімдердің скутер сондай-ақ мопед жүргізуіне заң тарапынан қандай жаңалықтар және болашақта жүргізуші куәлігі бола ма -деп сұрағын қойып Дәулет мырзадан сұрақтарына жауаптарын ала білді. Жасөспірімдер құқық бұзушылыққа қатысты сұрақтарын да қойып көкейкесті сұрақтарына заң аясындағы жауаптарын мысалмен түсіндірілген жауаптарын ала білді.
Дәулет Тилемисов мырза жастарға жақсы білім алып, елге адал қызмет ету керектігін де ерекше атап айтты. Жастар уақытты тиімді, мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануды, болашақтары өз қолында екенін айрықша айтып өтті. Біздің білімгерлеріміз құқық пен заң туралы азды көпті ақпараттанып, жаңалықтарды тыңдап, заңды сақтау сондай-ақ тәртіпке бағыну үлкен жауапкершілік екендігін ұғынып қайтты.