Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі IV Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Абдраманова Аселге сондай-ақ колледж басшысы Нұргүл Жақсылыққызына, Жамила Хамитбекқызына әріптестері және колледж әкімшілігі тосын сый жасап, Шымкент қаласының әуежайынан құрмет көрсетіп күтіп алды.
Жеңімпазымызға алғысымыз шексіз. Республиканы бағындырған әріптесіміз алдағы уақытта әлемді бағындыратынына сеніміміз мол. Еңбегі еселеніп, алдағы қызметіне тек толағай табыстар тілейміз.
Республикалық байқауға сенім артып, жас маманымызға жолдама берген Түркістан облысының білім басқармасына да зор құрметпен алғыс білдіреміз. Түркістан облысының атын танытқан барша қатысқан кәсіби шеберлерімізге де ерекше алғыс айтамыз.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment