«ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясы бастауын тапты.
Ағымдағы жылдың 22 қазаны Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің 1,2,3 курс білім алушы жастарының арасында «ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясы басталып, “Шахмат”, “Дойбы”, “Тоғыз құмалақ” ойындарынан колледжішілік жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастарымызды татулыққа, достыққа, ауыз біршіліктерін нығайтуға, спорттық ойындарымызды жетілдіруге, білімгерлердің ойы мен логикасын дамытуға бейімдеу.
Іс-шараны колледж әкімшілігі салтанатты түрде ашып, жастарды “25 қазан Республика күні” мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараның нәтижесі төмендегідей болды:
Шахмат ойыны:
- III-орын БҚ 9-24/Б тобы Момбаев Сүндет иемденді;
- II-орын МЖТ 9-24/г тобы Турдиматов Мухаммаджан иемденді;
- I-орын БҚ 9-24/Б тобы Утегенов Төлеген жеңіп алды.
Дойбы ойыны:
- III-орын НМК 9-24/г тобы Орынтай Саят иемденді;
- II-орын ЭҚ 9-24/г тобы Алишеров Асылхан иемденді;
- І-орын ЭҚ 9-24/г тобы Ахмедов Мирас жеңіп алды.
Тоғыз құмалақ ойыны:
- ІІІ-орын МЖТ 9-24/г тобы Нұржан Серіжан иемденді;
- ІІ-орын БҚ 9-24/А тобы Эргашов Розимурат иемденді;
- І-орын ПТ 9-22/г тобы Орынбасар Назерке жеңіп алды.
Барша колледжішілік жарысқа қатысқан білімгерлерге алғысымыз шексіз. Жеңімпаздарымыз колледж басшысының арнайы медальдарымен сондай-ақ кубоктарымен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырған дене тәрбиесі оқытушыларына алғыс білдіреміз. “Республика күні” құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық, еліміз мәнгі жасасын.
Leave A Comment