Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің педагог-психологы А.А.Әріп, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы А.Қ.Зәуірбек білім алушы жастарымызға “Лудомания қоғам дерті және Нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Негізгі мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттау, құмар ойындар мен заңсыз заттар айналымымен байланысты қылмыстарға, оның ішінде есірткі сайттарын жарнамалау және насихаттау үшін жауапкершілікті түсіндіру.
Шара сонында Есірткі қылмысына қатысты дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.