Біздің колледжге түсу үшін қажетті құжаттарды онлайн өтініш түрде жіберуге болады

Шырайлы көктемнің соңғы айының 1 жұлдызы қазақ елі үшін ерекше күн болып табылады. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж ұжымы барша қазақстандықтарды, діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір тудың астына жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерін айтулы мереке, Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады» деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі, достығы мен өзара түсіністігі одан әрі нығая түсіп, еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірлік мәңгі жасай берсін! Әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлік мерекесі

By Nurdaulet Malik | 01.05.2021

Шырайлы көктемнің соңғы айының 1 жұлдызы қазақ елі үшін ерекше […]

Семинар 1510000 — «Ауылшаруашылығын механикаландыру». Дуалдық оқыту технологиясы

By Nurdaulet Malik | 23.04.2021

«Ғылым және технологиялар» тақырыбында онлайн түрде конференция

By Nurdaulet Malik | 22.04.2021

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының тапсырмасымен және Қазақстан Республикасы […]

Семей ядролық полигонының жабылуы туралы

By Nurdaulet Malik | 13.04.2021

Қалың Алаш қана емес, жаһан жұртшылығы ерекше құрметтейтін ажал аждаһасының […]

«Қажымұқан – қазақ даласының батыры»

By Nurdaulet Malik | 09.04.2021

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай түзілген апталық іс-шаралар аясында колледжімізде […]

7 сәуір – алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

By Nurdaulet Malik | 07.04.2021

7 сәуір – алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні […]

Ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан жарыс

By Nurdaulet Malik | 06.04.2021

Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын […]

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына биыл 155 жыл!

By Nurdaulet Malik | 06.04.2021

Түйіндеме Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, […]

Семей атом полигоны жайлы

By Nurdaulet Malik | 06.04.2021

«Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөлену үшін […]

150 лет со дня рождения Хаджимукана

Қажымұқанның туғанына 150 жыл

By Nurdaulet Malik | 05.04.2021

Биыл күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл. Қазақ халқының тарихындағы […]

изображение_2025-07-04_113517884

Мәзір

Свежие записи

Свежие комментарии

Колледжішілік қоғамдық ұйымдар

Біздің мекенжайымыз

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент, Әйтеке би 3А

Phone: 8(72531)22882

Web: Картадан көру