Worldskills чемпионатына қатысу және қол жеткізген жетістіктер
Қазіргі таңда жұмысшы мамандығына сұраныс артып келеді. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің сапасын жақсартып, халықаралық талаптарды енгізу мақсатында жыл сайын елімізде Worldskills чемпионаты ұйымдастырыла бастады. Worldskills чемпионаты Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып жатса , Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі осы төрт жыл көлемінде чемпионатқа қатысушылар қатарынан көрініп келеді.
2017-2018 оқу жылында «Электрмонтаждық», «Дәнекерлеу ісі», «Кондитерлік ісі » біліктіліктері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастырумен « Жыл шебері – 2018» облыстық чемпионатына қатысты. Облыстық чемпионатқа 3оқушымыз атап айтқанда, ӨМЖ11-16 /г тобынан Жетписбай Нуржау, НМК11-17/г тобынан Салманова Надежда, Д11-17/г тобынан Артыков Сарвар қатысты.Жоғарыда аталған біліктіліктер бойынша Worldskills чемпионатына қатысушы оқушыларымыз берілген тапсырманың технологиялық процестерінің жасалу техникасын, сапасын, жұмыс істеу механизмі мен принциптерін игерді. « Дәнекерлеу ісі » біліктілігі бойынша арнайы пәндер оқытушысы Исаков Давлетиярдің жетекшілігімен « Дәнекерлеу ісі» мамандығының 2 курс студенті Артыков Сарвар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Үздік дәнекерлеуші» номинациясына ие болды. « Кондитерлік ісі » біліктілігі бойынша арнайы пәндер оқытушысы Айқынбаева Қарлығаштың жетекшілігімен « Нан пісіру, макарон, кондитерлік өндірісі» мамандығының 2 курс студенті Надя Салманова Worldskills аймақтық чемпионатында II орын иегері атанды. 2018-2019 оқу жылында колледж 6 құзіреттіліктер бойынша Түркістан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Worldskills Тurkestan-2019» облыстық чемпионаты өткізілді. Облыстық чемпионатқа қатысқан құзіреттіліктер төмендегідей:
wdt_ID | Р/с | Біліктілік атауы | Қатысушының аты-жөні | Жетекшісінің аты-жөні |
---|---|---|---|---|
1 | 1 | Автокөліктерді слесарь жөндеушісі | Абдумаликов Эльдор | Сейдалиев Нұрлан |
2 | 2 | Дәнекерлеуші | Адилбеков Жасурбек | Исаков Давлетияр |
3 | 3 | Наубайшы шебері | Тұрсын Алтынай | Утегенова Галия |
4 | 4 | Ауылшаруашылығын механикаландырумен тракторлардың слесарь жөндеушісі | Халикбаев Элчинбек | Жамбек Жалғас |
5 | 5 | Токарь | Шады Жахангир | Зерхатбек Мақсат |
6 | 6 | Кондитер ісі | Абдраманова Асел | Айқынбаева Қарлығаш |
Жоғарыда аталған құзіреттіліктер бойынша чемпионатқа қатысушы оқушылар техникалық әдіс-тәсілдерді менгеру сапасын жоғары деңгейде көрсете білді. Жылдан-жылға дәстүрлі өткізіліп келе жатқан чемпионатта қатысушы оқушылар біліктілік деңгейін алдыңғы шепте көрсете алды деп айтуға болады. Чемпионат қортындысы бойынша «Наубайшы шебері» құзіреттілігі бойынша арнайы пән оқытушысы Утегенова Галия Абданқызының жетекшілігімен «Нан пісіру, макарон, кондитер өндірісі» мамандығының 3 курс студенті Тұрсын Алтынай 2- орын иегері атанды. «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша өндіріс шебері Ескулова Жамиля Хамитбекқызының жетекшілігімен үздік кондитерлік технологиясын көрсете білген «Нан пісіру, макарон, кондитер өндірісі» мамандығының 3 курс студенті Абдраманова Асел чемпионаттың 2- орын иегері атанды. Д.Қонаев атындағы колледждің егістік алаңқайында өткізілген колледж аралық жарыста ауыл шаруашылық машиналары техникасын терең меңгерген «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығынын 4 курс студенті Халикбаев Элчинбек арнайы пәндер оқытушысы Жамбек Жалғастың жетекшілігімен «Ауылшаруашылығын механикаландыру мен тракторлардың слесарь жөндеушісі» құзіреттілігі бойынша облыстық чемпионаттың 1-орын иегері атанды.
«Worldskills Тurkestan-2019» облыстық чемпионатының қортындысымен «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша 2- орын иегері атанған «Нан пісіру, макарон, кондитер өндірісі» мамандығының 3 курс студенті Абдраманова Асел 2019 жылдың қараша айының 15-19 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Worldskills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатына жолдама алды. Абдраманова Асел өндіріс шебері Ескулова Жамиля Хамитбекқызының жетекшілігімен модульдік бағдарламалар бойынша кондитерлік технология шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен «Worldskills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатының «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша білген «Нан пісіру, макарон, кондитер өндірісі» мамандығының 3 курс студенті Абдраманова Асел «Үздік медальон иегері» атанды.