2020-2021 оқу жылындағы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің тәрбие жоспарына сәйкес, колледж мейірбикесі Қалшораева Нағима Асылбекқызының ұйымдастыруымен «ЖИТС/АИТВ алдын алу» тақырыбында І курс студенттерімен кездесу болып өтті. Кездесудегі басты мақсат – қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын-алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу жолдары жайлы түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көтерілген тақырып бойынша Сайрам аудандық ауруханасының осы бағыттағы маманы Шадиметов Бабуржон мырза түсіндіру жұмысын жүргізуге арнайы шақырылып, АИТВ-инфекциясының қалай пайда болатындығы туралы және АИТВ-инфекциясының берілу және жұғу жолдарына тоқталып өтті.