Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Өлең сөздің дүлділі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тақырыптық шолуды колледждің кітапхана меңгерушісі Ошаева Клара Абдисаметқызы жүргізді. Ақыл-ойдың алғыры Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына қызығушылық танытқан оқырмандар қатысып ой бөлісті.

Халқының әлеуметтік жағдайын және де өз өмірін өлең сөзбенен шебер жырлаған жыраудың ерекшелігі айтылды. Жамбыл Жабаевтың мұрасы парасатты патриотизмнің мәңгілік мұрасы іспеттес жадымызда сақталады.