Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған апталық жоспарға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің І курс студенттеріне "Ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып тұлға" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Студенттерге алдын-ала Жамбыл Жабаев жайлы түсірілген бейнефильм көрсетіліп, сол бойынша түйген ой-түйсіктерін жинақтап жазу ескертілді.
Барлық эссе жұмыстары колледждің тіл мамандарына тексеруге тапсырылып, үздік эссе иесі апталықтың қорытынды кешінде марапатталатыны айтылып өтілді.